Алматыдағы перзентханалардың бірінде үшем дүниеге келді

Алматыдағы перзентханалардың бірінде үшем дүниеге келді
Сурет: Almaty.tv

Райымбек, Ханкелді, Батыр есімді үшем.

Алматыдағы перзентханалардың бірінде Райымбек, Ханкелді, Батыр есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Акшолпан Жусіпова Facebook парақшасында жазды. 

«Алматы қаласының тұрғыны Айжан ханым Райымбек, Ханкелді, Батыр есімді үш батырды дүниеге әкелді. Жұғысты болсын деп естелікке фотоға түсіп алдық», – деп жазды Акшолпан Жусіпова.