Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды

Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды
Сурет: Polisia.kz

Із кесуші ит оқ-дәрі жасырылған орынды тапты

Оқ-дәріні полицияның Дозор есімді із кесуші иті тапты.Олардың нақты кімге тиесілігі тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Түске таман инспектор-кинолог “Абай” бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарық-шулы граната табылды. Оқ-дәріні Медеу аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі», – деді метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.