Алматыдағы «Бақорда» сауда үйінің аумағында өрт шықты

Алматыдағы «Бақорда» сауда үйінің аумағында өрт шықты
Сурет: Ашық дереккөзі

Қоқыстан шыққан өрт көрші дүкендерге тараған

«Бақорда» сауда үйінің аумағындағы қоқыс пен дүкеннен шыққан өрт 6 минутта өшірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні сағат 14:45-те өрт сөндірушілер Алатау ауданы Рысқұлов даңғылындағы өрт болып жатқан жерге аттанған.

«Қоқыстан шыққан өрттің көрші дүкендерге тарағаны с ағат 14:54-те анықталды. Оның бірі - үш қабатты көлік бөлшектерін сататын дүкен. Өрт 6 минут ішінде сөндіріліп, сағат 15:09-да толық жойылды. Өрттің сауда орындарына таралуына жол берілмеді. Оның шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өрт жалынынан контейнерге қойылған қосалқы кабина мен жақын жерде тұрған екі көлік зақымданғанын хабарлады.