Алматыда әлеуметтік нысан ашылды

Алматыда әлеуметтік нысан ашылды
Сурет: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желісінде жазды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік қамқорлық, балаларды тәрбиелеу мен оңалту үшін жағдай жасау – ерекше маңызға ие шара. Тәуелсіздік күні қарсаңында күрделі жөндеуден өткен Әуезов ауданындағы 315 орынды №186 балабақша мен Наурызбай ауданындағы №36 қалалық емханада заманауи КТ орталығы ашылды.

Медеу ауданында аутистік спектрдің бұзылуы бар балаларға арналған «Асыл Мирас» орталығы мен 18 жастан асқандарда психоневрологиялық аурулары бар және аутистік спектрдің бұзылуы бар балаларға арналған көпбейінді оңалту орталығы іске қосылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)