Алматыда «Жолдағы қабылдау» науқаны өтеді

Алматыда «Жолдағы қабылдау» науқаны өтеді
Сурет: 24.kz

17 және 18 маусым күндері өтеді. 

 «Жолдағы қабылдау» алдын алу іс-шарасы бүгінде азаматтардың көпшілігіне таныс.  Бұл өте өзекті, өйткені ол азаматтарға ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында кеңестік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, халықпен байланыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді талқылау түрінде жүзеге асырылады. 

«Бұл жолы науқан 2022 жылдың 17 және 18 маусымында өтеді.  Сондай-ақ, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі және жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен тікелей эфирлер өткізілетін болады. Бұл күндері телефон желісі жұмыс істейді, ол арқылы азаматтар қоңырау шалып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады немесе науқан барысында полиция қызметіне қатысты WhatsApp хабарламасын жібере алады.  Оның нөмірі 8-747-733-10-20», - деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

 Азаматтарды қабылдау пункттері қаланың үш ауданында орналасқан:

 Атакент ОКЖ (Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42)

 №1 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы, Ақ-Қайнар көшесі, 1)

 «Жетісу» базары (Алматы қ., Түрксіб ауданы, Рысқұлов даңғылының солтүстігі, Құлжа күре жолы).