2021 жылғы қаңтар-сәуірде 288055 жеңіл автокөлік тіркелген

2021 жылғы қаңтар-сәуірде 288055 жеңіл автокөлік тіркелген
Сурет: Astana.gov

2021 жылғы қаңтар-сәуірде 288055 жеңіл автокөлік тіркелген

2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 288055 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 32,4%-ға көп, деп хабарлады Almaty-akshamy. kz. Stat.gov.kz cайтына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3828,5мың бірлікті құрады.1)

2021 жылғы қаңтар-сәуірде 3677 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5431 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,3%-ға кеміді.2)

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 12,2 млрд. теңге сомасында 27788 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.3)

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.