Алматыда жоғалып кеткен бала табылды

Алматыда жоғалып кеткен бала табылды
Сурет: Misk.org.kz

Бала дін аман.

Алматыда жоғалып кеткен 10 жастағы Геннадий Рагутько табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық полиция мәліметі бойынша, бала дін аман.

«Бала аман-есен табылды. Белгілі болғандай, ол таныстарының үйіне қонған. Бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Қазір бала әкесінің жанында»,- деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Бұған дейін Алматы полициясы 10 жастағы Геннадий Рагутько 10 мамыр күні түскі сағат 12:00 шамасында үйінен шығып, содан оралмағанын хабарлаған болатын. Полиция мәліметіне сәйкес, оқушы бала бұған дейін де ата-анасын ескертпестен үйінен кетіп қалған екен.