Алматыда жыл басынан бері 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматыда жыл басынан бері 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, 2023 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл үлес республика бойынша 12,2%. , деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Пайдалану бағыттары бойынша негізгі салымдар жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияда болған, олардың үлесі 46,5%. Денсаулық сақтау – 4,1 есе, ақпарат пен байланыс – 36,3%-ға, тұру және тамақтану қызметі – 25,9%-ға өсті», - деп хабарлайды қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Алмалы, Алатау, Әуезов және Жетісу аудандары бойынша оң динамика байқалып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 1,5 трлн теңгеге дейін артады.