Мемлекет басшысы жамбылдықтарды сабырға шақырды

Мемлекет басшысы жамбылдықтарды сабырға шақырды
Сурет: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстан үрейленген Жамбыл облысының тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұрады.

Бұл туралы Президент өзінің твиттер парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек», - деп жазылған твиттерде.