Алматыда жеңіл атлетикадан турнир өтеді

Алматыда жеңіл атлетикадан турнир өтеді
Сурет: Inform.kz

Оған әлемнің 14 елінен 280 спортшы қатысады.

ХХХІ Qasanov Memorial 2022 жеңіл атлетикадан турнир 25-26 маусымда Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жапония, Үндістан, Австралия және т. б. әлемнің 14 елінің спортшысы КСРО спорт шебері Ғұсман Қосановты еске алу турнирі халықаралық жарыстар күнтізбесіне кіреді. Онда АҚШ-та өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама ойнатылады.

Турнир 1991 жылдан бастап Кеңес Одағының ең мықты спринтерлері бірінің құрметіне өткізіліп келеді. Оның есімі Олимпиада ойындарын жеңіп алған алғашқы қазақ ретінде отандық спорт тарихында мәңгі сақталған.

Ғұсман Қосанов - 1960 жылғы Рим Олимпиадасының қола жүлдегері.