Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спартакиадасы өтеді

Алматыда  жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спартакиадасы өтеді
Сурет: Olympic.kz

Жарыс 22-24 маусым аралығында өтеді.

Кешенді республикалық жарыс Алматы Орталық стадионы мен Алматы Аренаның алаңында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спартакиада дене шынықтыруды, спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ рейтингтік халықаралық турнирлерге, оның ішінде Париж, Францияда өтетін 2024 жылғы ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командаларын қалыптастыру мақсатында 4 жыл сайын ұйымдастырылады.