Алматыда жасыл желектерді өңдеудің үшінші кезеңі жүріп жатыр

Алматыда жасыл желектерді өңдеудің үшінші кезеңі жүріп жатыр
Сурет: ашық дерекөз

Сәуірден маусымға дейін өңдеудің алғашқы екі кезеңі өтті. Зиянкестер биологиясының ерекшелігіне сүйене отырып, өңдеу түнгі және таңғы уақытта жүргізіледі.

Бұған сертификатталған биологиялық және кей кезде қауіптілігі төмен химиялық препараттар қолданылады. Оларға қолдануға рұқсат берілген, адамдарға, құстар мен жануарларға зияны жоқ.

Ауа-райы қолайлы әрі жауын-шашын болмаса, үшінші кезең 10 тамызда аяқталады. Бұл маусымдағы соңғы – төртінші кезең 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өтеді.

Үшінші кезең аясында жасыл желекті сақтап, олардың зиянкестерге төзімділігін арттыру үшін 2,3 млн.астам ағаш биологиялық өңдеуден өтеді.