Алматыда жаңа веложол ашылды

Алматыда жаңа веложол ашылды
Сурет: Qazaqstan.tv

Алматыда Сейфуллин көшесінің бойында жаңа веложол ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда Сейфуллин көшесінің бойында, яғни Бөгенбай батыр көшесі мен Абай даңғылы аралығында батыс бағыттағы жолдарды орташа жөндеу аясында веложол салынған.

«Жалпы, қалада 79,2 шақырым велоинфрақұрылым салынды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында веложолдарды автокөліктердің жүріс бөлігінен бөлу үшін 2 мыңнан астам жол блокаторы орнатылды»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Жаңа веложолдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.