Алматыда жалған террорист құрықталды

Алматыда жалған террорист құрықталды
almaty-akshamy.kz

Алматы полициясы тағы бір жалған террористті ұстады, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.

“102” пультіне байланыс операторларының бірінен белгісіз біреу кеңсесін жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама келіп түскен. Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жетті. Ғимаратта комиссиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.

– Біздің бөлімше қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ әріптестермен бірлесіп жалған террористі ұстады. Ол 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Мұндай заңсыз әрекеттер төтенше жағдайлар мен құқық қорғау органдарының айтарлықтай күштері мен ресурстарын жұмсауға әкеп соғатыны баршаға мәлім. Айта кетерлігі, кінәлі адам жауапқа тартылумен қатар, сот шешімімен жалған қоңырау шалғаны үшін шығынды толығымен төлейді, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Дархан Әбіқұлов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.