Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Сурет: Tenis1.ru

Спортшылар жеке, жұптық және аралас дисциплиналарда бақ сынайды.

Алматыда үстел теннисінен 2007 жылы туылған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуде. Бүгін командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Алаңға бірінші болып қыздар командалары шықты. Алтын медальдарды Қарағанды облысы құрамасының ойыншылары Виктория Мочалкина, Альбина Жақсылықова, Дарья Гамова, Дарья Фу, Полина Сиротина жеңіп алды, олар финалда елордалық спортшылар Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова, Алина Шайхина, Нұрсая Нұрман, Яна Михееваны 3:1 есебімен жеңді. Үшінші орында Шығыс Қазақстан (Айша Әсет, Алуа Жармұхамбетова, Балауса Дарханқызы, София Кальтенбергер, Камилла Төлегенова) және Маңғыстау облыстарының (Аққу Темірханова, Салима Әбілқайыр, Лаура Жұмаш, Фарида Оңғар, Аида Ізбасар) командалары.

Ұлдар арасындағы ойындардың нәтижесі келесідей: 

1 орын - Түркістан облысы (Нұржігіт Жолдыбай, Рамазан Нәзір, Әділет Өмірзақ, Марлен Жұмағұл, Фахриддин Бақаев);

2 орын - Қарағанды облысы (Алан Құрманғалиев, Ален Бұрамбек, Арсен Қабдұлов, Асылхан Мағзұмбеков, Медет Нұрымов);

3 орын - Шымкент (Нұрислам Қасым, Адхам Момынжанов, Бақдәулет Сауырбай, Нұртай Сыдық, Мұхаммадәли Құрбантаев);

3 орын - Қостанай облысы (Темірлан Балташ, Никита Кондратьев, Айдын Алмағамбетов, Данияр Карпташаров, Артем Кондратьев).

Ендігі кезекте спортшылар жеке, жұптық және аралас дисциплиналарда бақ сынайды.