Алматыда ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды

Алматыда ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Жетісу ауданының полиция қызметкерлері екі телефон ұрлығын ашты. 

Екі қылмыс та ірі сауда үйінде жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бірінші жағдайда белгісіз біреу еркін қол жеткізу арқылы витринадан жасырын түрде телефон ұрлап кеткен. Тағы бірінде жеңіл ақшаға құмар азамат құны 460 мың теңге тұратын жаңа IPhone мобильді құрылғысын байқап қалып, оны ұрлап кеткен. Екі дерек бойынша да қылмыстық іс тергеліп жатыр. 33 және 22 жастағы күдіктілер ұсталды. Аталған эпизодтардың бірі дүкенде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы түсірілген. Күдіктілердің жеке басы басқа да ықтимал қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.