Алматыда Яссауи көшесі уақытша жабылады

Алматыда Яссауи көшесі уақытша жабылады
Cурет: Ашық дереккөз

Автобустардың жүру бағыты да өзгереді

Яссауи көшесі жексенбіде күні бойына жабық болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық Мобильділік басқармасының мәліметінше, Яссауи көшесінің Абай даңғылын кесіп өтетін жерінде көлік қозғалысы 14 қарашада сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін толықтай шектеледі.

Бұл уақытта №126, 52, 50 қоғамдық көліктері Момышұлы көшесімен қатынайтын болады.

№104а автобус солтүстік бағытта мына кестеге сай қатынайды: Яссауи – Шаляпин - Момышұлы – Жеті жарғы - Сәдуақасов – Ақбақай - Яссауи және одан әрі ағымдағы схема бойынша, ал оңтүстікте бағыт бойынша: Яссауи – Жеті жарғы - Момышұлы – Шаляпин - Яссауи және одан әрі қазіргі схема бойынша.