Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Cурет: Алматы әкімдігі

Қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Алматы әкімі Б. Сағынтаев, оның орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, желтоқсан және жастар ұйымдарының өкілдері 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алды, алды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ескерткішке гүл қою рәсімінен кейін жиналғандар сол оқиғаларда қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Дін өкілдері еске алу үшін құран оқыды. Осыдан соң  желтоқсаншыларға арнайы ас ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен Желтоқсан-Сәтбаев көшелерінің қилысында ашылғанын, жастар армандаған Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқанымыз ерекше аталып өтіп еді.

Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың желтоқсаншылардың ерлігін мәңгі есте қалдыру туралы тапсырмасына сәйкес Алматыда сол оқиғалардың құрметіне «Желтоқсан» деп аталатын саябақ ашылды. Сонымен қатар, осы саябақта орнатылатын ескерткішті дайындауға шығармашылық байқау жарияланды.

Еске салсақ, осының қарсаңында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.