Алматыда тоғызқұмалақтан чемпионат басталды

Алматыда тоғызқұмалақтан чемпионат басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

 Алматыда оқушылар арасында (U-15, U-17) әлем чемпионаты басталды.

Тоғызқұмалақтан жарыс ADD үстел теннисі орталығында өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Cайыс қыркүйектің 21-24 күндері аралығында өтеді. Оған барлығы 16 ел: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және тағы басқа елдердің ойыншылары қатысады.

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді.