Жамбыл облысында жарылыстан зақымдалған әлеуметтік нысандар жаңартылады

Жамбыл облысында жарылыстан зақымдалған әлеуметтік нысандар жаңартылады
сурет: Inform.kz

Бердібек Сапарбаев жарылыстан зақым келген әлеуметтік нысандардың жағдайы туралы мәлімет берді.

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан 3 мектепке зақым келген. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Жамбыл облысында жарылыстан зақымдалған мектептің орнына жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жарылыстан зақым келген әлеуметтік нысандардың жағдайы туралы мәлімет берді.

«Әлеуметтік нысандарға қатысты тоқталсақ, 3 мектепке зақым келген. Әсіресе, қатты зардап шеккені – Жібек Жолы ауылындағы білім ордасы. 118 бала оқитын білім мекемесінің іргесі 1956 жылы қаланған. Ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салу керек деген шешім қабылданды. Ауыл халқының саны өсіп жатқанын ескере отырып, Үкіметке 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бойынша ұсыныс жолдаймыз. Жаңа мектептің орны белгіленді, құжаттары барынша қысқа уақытта дайындалады. Жеңіл зақымдалған Үшбұлақ пен Базарбай ауылдарындағы мектептер демеушілердің есебінен қалыпқа келтіріліп жатыр. Олар бірінші қыркүйекке дейін дайын болады. Дәл сондай жеңіл зақым келген медициналық пункт те бір апта ішінде толығымен жөнделеді», - деді БердібекСапарбаев.