Алматыда тауда адасқан екі турист табылды

Алматыда тауда адасқан екі турист табылды
Сурет: Dailynews.kz

Адасқан туристер қызметтік иттің көмегімен табылды

10 сәуірде кешкі уақытта Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Кім-Асар шатқалында ер мен әйел адамның адасып кеткені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Іздестіру барысында ұялы байланыс арқылы адасқандардың нақты геолокациясы анықталады. Туристерді табуға иттің көмегі көп болған.

«Туристер Бутаков шатқалы жақта адасып кеткен. Қар қалың болғандықтан, киімдері су болған. Құтқарушылар оларға жылы киім беріп, қауіпсіз жерге жеткізді», - делінеді РЖҚЖ хабарламасында.

Құтқарушылар тауға шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауды және егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8 (727)372-15-60 ( РЖҚД) телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды ескертеді.