Алматыда таеквондодан Қазақстан кубогы өтеді

Алматыда таеквондодан Қазақстан кубогы өтеді
Cурет: Olympic.kz

Турнир 6-8 желтоқсанға жоспарланған

Алматыда таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Республикалық жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. Турнир 6-8 желтоқсанға жоспарланған.

Жарыстың бірінші күнінде ерлер 54, 74 және 80 келіге дейінгі салмақтарда сынға түседі.

Сондай-ақ, әйелдер 46, 57, +73 келі салмақта өзара мықтыны анықтайды.