Соңғы тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы  тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Сoronavirus2020.kz

13 мамырда ПТР тест арқылы Қазақстанда 5 адамда коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі еліміздің қос бас қаласында тіркелді. Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті. Сондай-ақ, еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Сонымен, осы дерттен сауыққандар саны - 1 291 748.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстанда стелс-омикрон штамы анықталды.