Алматыда мүгедектер арбасындағы теннистен Қазақстан бірінші кубогы өтті

Алматыда мүгедектер арбасындағы теннистен Қазақстан бірінші кубогы өтті
сурет: ktf.kz

Мұндай жарыс елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Алматыда мүгедектер арбасындағы теннистен Қазақстан бірінші кубогы өтті, деп хабарлайды, Аlmaty-akshamy.kz. 

Үш күн бойы өткен сайысқа Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе және Орал қаласынан 25 спортшы қатысты. Жарыстың жеңімпаздары марапатталды. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар биыл маусым айында Италияда Alghero Open халықаралық турнирінде ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ қажетті ұпайды жинаған спортшылар қазақстандық спортшылар қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Паразия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады. 1 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан теннис федерациясының жанынан Инклюзивті дамыту департаменті құрылған еді. Федерация бүгінге дейін бірнеше ірі турнир өткізіп те үлгерді.