Алматыда мопед мінген жасөспірім жол апатына түсіп, 10 күн комада жатты

Алматыда мопед мінген жасөспірім жол апатына түсіп, 10 күн комада жатты
Сурет: ашық дереккөз

 Алматылық дәрігерлер жол апатынан ауыр жарақат алған жасөспірімді ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Емдеу мекемелерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем бригадасы жасөспірімді оқиға орнынан №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген. Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған шокқа қарсы терапия жүргізілді, №2 балалар клиникалық ауруханасының педиатр және тар бейінді мамандары шақырылып, консилиум өткізілді.

Науқасқа жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр жарақаты, төменгі жақ сүйегінің сынуы, жабық кеуде жарақаты, сол жақ өкпенің соғылуы, оң жақ 1-қабырғаның сынуы, сол жақ бұғана сүйегінің жабық сынуы, екі жамбас сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің сынықтарының ығысуымен жабық сыну диагнозы қойылды.

№4 қалалық клиникалық аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің дәрігерлері жасөспірімнің өмірі үшін 10 күн күресті. Оның жағдайы тұрақталғаннан кейін әкімшіліктің келісімімен науқас №2 балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Мұнда оны балалар нейрохирургтері, ортопед-травматологтар, невропатологтер, карди-ревматологтер, офтальмологтер тексерді. Емдік шаралар кешені жүргізілді. Интрамедуллярлық остеосинтезді тежеу арқылы ішкі бекітумен жамбас сүйектерінің фрагменттерінің ашық репозициясы отасы сәтті орындалды.

10 күн комада жатқан жасөспірімнің әкесі мопедпен келе жатқан ұлын Chevrolet көлігі қағып кеткенін айтады.

«Баламды ажалдан арашалап қалған №4 қалалық аурухана ұжымына және №2 балалар ауруханасының медицина қызметкерлеріне рахмет. Ұлым зеңбілмен жеткізілген еді, үйге өз аяғымен шықты», - дейді ол.

Науқас жарақаттан кейінгі оңалтудың екі курсын стационарда аяқтап, тұрғылықты жеріндегі емханада амбулаторлық оңалтудың үшінші курсын өтіп жатыр.