Алматыда мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді 

Алматыда мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді 
Сурет: А.Колумбетова

21-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында орналасқан ADD Үстел теннисі орталығында тұңғыш рет тоғызқұмалақтан оқушылар (жасөспірімдер U-15, U-17 жас) арасында Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарысқа 20 елге жуық елдерден келген спортшылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Ресей, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді.

Салтанатты ашылу күні мен уақыты: 14:30, 21 қыркүйек