Алматыда «Классикалық музыка кеші» атты концерт өтті

Алматыда «Классикалық музыка кеші» атты концерт өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Сахнада музыкалық жауһарлар орындалды

Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының концерт залында «Классикалық музыка кеші» атты концерт өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Кеште, ең танымал және сүйікті туындылар — музыкалық классиканың жауһарлары орындалды. Ұлы композиторлардың музыкасы, әйгілі қазақ және орыс композиторларының классикасы кіретін түрлі бағдарлама ұсынылды.

Мектеп оқушылары Әмір Ерназар, Зере Әбілқасымова, Әмина Әбішева және Нұрсұлтан Омарғазин жеке нөмірлерін орындады.

«Сахнадағы балалардың көңіл-күйі тамаша болды. Композицияны қаншалықты түсінгенін олардың эмоциясынан, жүзінен байқауға болады. Шығарманың әрбір ырғағын, дыбыс тазалығын жанымен сезіне білді», – деді анасы.

Сахна төріне көтерілген оқушылардың өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.