Алматыда Құрманғазы шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Алматыда Құрманғазы шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Оқушылар күйшінің шығармаларын орындады

Бүгін Ұлттық кітапхананың Өнер бөлімінде XIX ғасырдағы белгілі қазақ музыканты, композитор, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараны директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорына А.Райымбергенов, С.Райымбергенованың «Властелитель кюев Казангап»; «Күй төресі Қазанғап»; «Қазанғап. Күйлер. Казангап. Кюи» жаңа кітаптарының даналары сыйға тартылды. Сондай-ақ, авторлар-А.Жайымов, Б. Ысқақов, Қ. Сахарбаева, А. Жайымның «Домбыра сазы» кітабы.

Кеш қонақтары қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Сахарбаева Карима; Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкант, күйші-домбырашы, композитор Әбілтаев Шамиль; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, музыкалық колледждер мен мектептердің оқушылары, кітапхана оқырмандары және тағы басқалары қатысты.

Кештің модераторы белгілі күйші, өнертану ғылымының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, «Мұрагер» бағдарламасының авторы, «Көкіл» тұңғыш жекеменшік мектебінің директоры – Абдулхамит Райымбергенов болды.

Әдеби-музыкалық кешті профессор Сахарбаева Карима, композитор Әбілтаев Шамиль өткізді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің, Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясының, № 46 мектеп-гимназиясының оқушылары Құрманғазының шығармаларын орындады.