Алматыда болған қыз алып қашу әрекеті пранк үшін жасалған

Алматыда болған қыз алып қашу әрекеті пранк үшін жасалған
Сурет: Egemen.kz

Кеше әлеуметтік желілер арқылы қала ортасында жас қызды күштеп алып қашу видеосы тарап кетті.

Алматыда видеоға түсіп қалған қыз алып қашқандардың әрекеті пранк болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Сонымен қатар пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.

«Бұл әлеуметтік эксперимент - пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», - деді ол.

«Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азамат та анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды.

«Құқықбұзушылық дерегіне сәйкес, оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290-бабының 2-бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабының 1-бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деп атап өтті ведомствода.