Алматыда көркем қағаз қиындыларының көрмесі өтуде

Алматыда көркем қағаз қиындыларының көрмесі өтуде
Сурет: Almalife.kz

Алматыда көркем қағаз қию шебері Клайдас Навицкастың жеке көрмесі ашылды.

Автор ел назарына 50-ден астам туындысын ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақ қағаздан қиылғын таңғажайып бейнелер негізгі үш тақырыпты қамтиды. Олар:  "Вильнюс аңыздары", "Құстар", "Литва қалаларының аңыздары".

Бір қызығы, бұл – Клайдас Навицкастың хоббиі ғана. Десе де құқық қорғаушы болып жұмыс істейтін оның 30 жылдан бері қолы қағаз бен қайшыдан ажыраған емес. Ол бұған дейін шығармашылық көрмесін Жапония, Қытай, Польша, Австрия, мен АҚШ-та өткізді.

Қазақстандықтар бірегей еңбектерді Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайынан сәуірдің 10-ына дейін тамашалай алады.