Алматыда коммуналдық желілердің қыс мезгіліне дайындығы тексерілді

Алматыда коммуналдық желілердің қыс мезгіліне дайындығы тексерілді
Сурет: Polisia.kz

 «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының қыс мезгіліне дайындығын полиция қызметкерлері тексерді.

Кестеге сәйкес, техника, құрал-жабдықтар, жұмыс инвентарлары мен шығын материалдары, тазалау жабдықтарының бағыттары, сондай-ақ, қызметкерлер құрамы тексерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 «Мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және жауын-шашын кезінде азаматтарға қауіпсіз жағдай жасау. Тексеру кезінде барлық нюанстар ескеріледі – тіпті аймақтарға шеберлерді тағайындау, қосымша қызметкерлерді тарту туралы келісім-шарттар, тазалау жабдығының болуы және тазалау жабдықтарына қызмет көрсетуге арналған келісімшарттар. Коммуналдық кәсіпорындарды тексерудің бірінші кезеңі қарашаның 15-не дейін жүргізіледі», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

“Алматы тазалық” КМК директоры Әділет Тоқтасыновтың айтуынша, қыс мезгіліне толық дайын.

 «Бұл жұмысқа 714 техника жұмылдырылады, оның 94-і мердігерлер арқылы. Жолдардағы жағдай ушығып кетсе, жұмысқа қосымша бір мың адамды тартуға мүмкіндігіміз бар», – деді ол.