Алматыда көлік аялдамаға соғылды

Алматыда көлік аялдамаға соғылды
Сурет: Astanatv.kz

Алматыда Mercedes көлігі аялдамаға соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше апат 28 тамызда 12:20 шамасында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан аялдамаға соғылыпты.

"Жол апаты салдарынан 7 адам жарақат алды. Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді", – делінген хабарламада.