Алматыда «Көктөбе опера» классикалық өнер фестивалі өтеді

Алматыда «Көктөбе опера» классикалық өнер фестивалі өтеді
Сурет: Mail.kz

Алматы әкімдігі 6-7 қыркүйекте қала күнін тойлау құрметіне Көктөбе саябағымен бірлесіп алматылықтар мен қала қонақтарын жыл сайынғы «Көктөбе опера» ашық аспан астындағы классикалық өнер фестиваліне шақырады.

Фестивальде әйгілі симфониялық шығармалар, әлемдік классиканың опералық және балеттік шедеврлері, сүйікті фильмдердің, мюзиклдер мен оперетталардың композициялары мен әндері орындалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сахнада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртістері де өнер көрсетеді. Тосынсый ретінде арнайы шақырылған қонақтар - әлемдік опера сахнасының жұлдыздары да кештің көркін кіргізеді. 

Өтетін орны мен күні: 6-7 қыркүйек сағат 20:00-де, Көктөбе саябағы