Алматыда «Көктем әуені» атты көрме өтіп жатыр

Алматыда «Көктем әуені» атты көрме өтіп жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады

Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстанның кәсіби суретшілері Гүлжамал Тагенова, Светлана Цой және Гүлшат Мадибиеваның «Көктем әуені» өнер туындыларының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Суреттің құдіреті... Дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін өнердің бұл саласы адамды таңғажайып әлемнің тұңғиығына бойлататыны сөзсіз.

Көкейдегі ой-қиялды қылқалам ұшына сыйдыра алған суретшінің көз майын тауысып салған шығармасына қызықпау мүмкін емес.
Гүлжамал Тагенова – белгілі қазақстандық суретші, педагогикалық тәжірибесі мол, белгілі қазақстандық суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Оның жұмыстары Қазақстан музейлерінде және Германия, Италия, АҚШ, Греция, Түркия, Франция, Швейцария және т. б. жеке коллекциялары ұсынылған.

Гүлшат Мадибиева 2021 жылдан бастап Жапонияның Халықаралық Акварель институтының (Нигата/Жапония) толық қауымдастырылған мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Шығармашылықпен айналысады, халықаралық, республикалық көрмелерге, симпозиумдардарға және ғылыми конференцияларға қатысушысы, шығармашылықтағы білімі мен дағдыларын жетілдіруде.
Светлана Цой – 2009 жылдан бастап Халықаралық көрмелер мен пленэрлерге белсенді қатысады, шетелдік кескіндемедегі жетістіктері үшін Сеул (Оңтүстік Корея) «Азия көшбасшысы-2022» наградаларына ие, сондай-ақ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.

Шараны ашқан Орталық музейдің директоры Рашида Харипова: «Суретші ойшыл болуы керек, тарихты жақсы білуі керек. Осы орайда көрмедегі керемет үйлесім тапқан туындылар шеберлік тәсілдерімен таң қалдырады. Үш суретші кенепке өз дүниетанымын, ұлттық мәдениет пен тарихтың ерекшеліктерін қылқалам арқылы сезіммен жеткізе білген» - деп атап өтті.

ҚР Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстан Суретшілер одағы Алматы облысы филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісхан, «Ұлар» заманауи өнер галереясының директоры Юрий Маркович көрме авторларын құттықтап, төл мәдениетімізге қосқан үлесі үшін ризашылық білдіріп, алғыс хаттарын  табыстады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның заманауи суретшілері шығармашылық еркіндікке ие бола отырып, ұлттық нақышты, мифологияны, ежелгі нанымдар мен Шығыс мотивтерін көрсете отырып, сабақтастық пен өзіндік ерекшелігін сақтап қалды. Суретшілер түрлі-түсті қарама-қайшылықтармен, қиялды, тыныштықты және қоршаған әлеммен үйлесімді бірлікті жеткізетін ерекше өмірлік энергиямен толтырылған жарқын, стильдендірілген және ерекше кескіндеме суреттерін ұсынады. Біз суреттердегі нәзік, салмақсыз сұлулардың көкте қалықтап, гүлдерге батып, кеңістікті көктемнің, жастық пен қуаныштың сезімі мен күтуімен толтыратынын көре аламыз.

«Кескіндеме өнеріне, мамандығына шексіз адал үш суретші бүгін нағыз көктем мерекесін сыйлады. Әрқайсының жеке авторлық стилі бар қылқалам шеберлерін өнерге, мам­андығына деген шексіз сүйіспеншілік біріктереді», - деді құттықтау сөзінде Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің ғалым хатшысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы Екатерина Резникова.