Алматыда кейбір жол учаскелері автокөлік қозғалысы үшін жабылады

Алматыда кейбір жол учаскелері автокөлік қозғалысы үшін жабылады
www.dailyadvent.com

Алматы қаласында Саин-Жандосов көшелерінің қиылысындағы кейбір жол учаскелері автокөлік қозғалысы үшін жабылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Саин көшесі бойындағы желілерді төсеу бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 20.06-21.06.2022 ж. сағат 23:00-ден 06:00-ге дейінгі аралықта Саин көшесінің аумағындағы аулаларға кіру уақытша жабылатынын хабарлайды (сызбаға сәйкес).

Қала тұрғындарын мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз.
Жандосов көшесі 184, 184а, 184б, 184в, 184в/1,186, мекенжайы бойынша көп пәтерлі үйлер.