Алматыда қайырымдылық музыкалық жарысы өтті

Алматыда қайырымдылық музыкалық жарысы өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында жыл сайынғы "Charity Music Run" қайырымдылық музыкалық жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қатысушылар әр түрлі қашықтықта күш сынады. Дәлірек 7-14 жас аралығындағы балалар үшін 2 шақырым, 15 жастан бастап - 10 шақырым, 21 шақырым және скандинавиялық жүру. Қатысушылардан және демеушілерден жиналған барлық қаражат Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының (ПӘО) реанимация бөлімін жабдықтауға жұмсалады.
Іс-шараға байланысты ішінара жол жабу жоспарланған болатын. Нақтырақ, Х.Доспанова көшесі және Рысқұлов даңғылы, Ф.Оңғарсынова көшесінен Х.Доспанова көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүруге уақытша шектелді.

«Brief running» командасында жаттығамын. Менің жаттықтырушым Мәди Әйтімов жүгіруде сақталатын әрбір қимыл қозғалысты, қалай ұстау керектігін аса ыждаһаттылықпен үйретті. Соның арқасында 1-орын алдым. Шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», - деді марафон жеңімпазы Қадірқұл Ділбар.

Сонымен қатар, марафонға  арнайы дайындалған тағы бір қатысушынің ой-пікірін білген едік. Айта кету, бұл азаматта дайындығының арқасында жүлделі орыннан көрініп, 1 орынды жеңіп алды.

«Алматыдағы жүгіру жарыстарының барлығына тұрақты қатысушымын. Өзімнің «Fast run» клубым бар. Індет кезінде жүгіруді әбден аңсадық. Біз әрқашанда салауатты өмір салтын ұстанып, ақжарқын көңіл-күймен өмір сүру қағидасын ұстанамыз», - деді шара жеңімпазы Алмас Рахимбаев.