Алматыда қару сатпақ болған адам ұсталды

Алматыда қару сатпақ болған адам ұсталды
Сурет: Rostec.ru

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда арнайы іс-шара кезінде Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күдікті кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Арнайы іс-шара барысында «қару-жарақ сатумен айналысты» деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. Бұл іс ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.