Қазақстанда «Ұстазыңды құттықта!» байқауы басталды

Қазақстанда «Ұстазыңды құттықта!» байқауы басталды
Сурет: Lotlike.ru

Жеңіске жеткендер естелік сыйлықтар алады.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Байқауға қазір мектепте оқып жүргендер де, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін мектеп бітіріп кеткендер де қатыса алады. Ол үшін Instagram, Facebook, TikTok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя  хэштегімен мәтін, фото немесе бейнеқұттықтау жариялау қажет», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Акция биылғы 2 қазанға дейін жалғасады. Байқау қорытындысы 3 қазанда шығарылады. Ең қызықты, креативті құттықтаулардың авторлары ҚР Оқу-ағарту министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

«Барша қазақстандықты челленджге белсене қатысуға, өз мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтауға және олардың маңызды және игі еңбегі үшін алғыс білдіруге шақырамыз!», - делінген министрлік хабарламасында.