Алматыда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр
Сурет: Almaty-akshamy

1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласында 15-18 см (08:00-дегі жағдай бойынша), тау бөктеріндегі аудандарда 22-30 см, таулы жерлерде 45 см дейін қар жауды.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында сағат 00.00-ден бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Түнгі сағат 03.30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Таңертеңгі «қарбалас сағатта» автокөлікті кедергісіз өткізуді ұйымдастыру үшін магистральды көшелерде және қаланың жоғарғы бөлігінде үш рет қар күреу жұмыстары жүргізілді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын механикаландырылған әдіспен және қолмен тазалау жұмыстары күшейтілді. 

Сағат 08.00 жағдай бойынша 330 текше метр қар шығарылды.

Қар тазалауға барлығы 616 бірлік арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды, 2950 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

 Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын бақылау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. 

"Қазгидрометтің" болжамы бойынша, қар жауу 15 ақпанда күннің бірінші жартысында аяқталады. Ауа температурасы 15 ақпанда күндіз 0-3 градус аяз болады.