Каспий теңізінің қазақстандық секторында бақылау күшейтілді

Каспий теңізінің қазақстандық секторында бақылау күшейтілді
Cурет: Inform.kz

Мемлекеттің табиғи байлықтарын тонаумен байланысты заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша бірқатар бірлескен рейдтер өткізу жоспарланған

Каспий теңізінің қазақстандық секторында браконьерліктің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді бастады. 

«Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі көрсетілген іс-шараларды өткізу кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимдердің сақталуына бақылау күшейтілетінін хабарлайды. Атап айтқанда, мемлекеттің табиғи байлықтарын тонаумен байланысты заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша бірқатар бірлескен рейдтер өткізу жоспарланған», – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.