Алматыда экологиялық акция өтті

 Алматыда экологиялық акция өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Эконауқанға қала тұрғындары, еріктілер, студент жастар, экология бей-жай қарай алмайтын жанашыр жандар қатысты.

 Аталған іс-шара қатарынан 20-шы рет ұйымдастырылып отыр.

Экоакция аясында көпшіліктен әртүрлі заттар соның ішінде: киім, кітаптар, аяқ киім, тұрмыстық заттар және т.б. қайрымдылық ұйымдарына беру үшін қабылданды. Сондай-ақ кітап алмасу, винил пластинкаларымен алмасу, ашық шеберлік сабақтары  қарастырылған. Сонымен қатар қабылданған қайта өңдеуге жарамды заттардың тізімінде кәдімгі пластик пен макулатурадан басқа электронды қалдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер, банкалар мен түрлі-түсті шыны сияқты сирек фракциялар да бар.

Бұған дейінгі эконауқан қала тұрғындарының мұндай іс-шараларға деген белсенділігін, сұранысын айқын көрсетті. Іс-шараның бар болғаны 4 сағатында 2 тоннаға жуық қайта өңделетін материалдар мен 3000 кг қайта өңдеуге арналған заттар жиналды. Іс-шараға 1500-ден астам адам қатысты.

Бұл эко-акциялар, шын мәнінде, қайта өңделетін материалдарды максималды көлемде қайта өңдеуге, қажетсіз заттарды қоршаған ортаға залалсыздандыруға, жаңа дағдыға үйренуге, пікірлес адамдармен қарым-қатынасқа түсуге және экологиялық қоғамдастықтан қолдау табуға бірегей мүмкіндік болып табылады.

«Негізгі мүдде - бұқараны экологиялық тазалықты сақтауға, сондай-ақ экобелсенділікті арттыруға шақыру. Егер әрбір жан өз ауласын, тұрып жатқан мекенін таза ұстаса, тазалықты балабақша, мектеп жасынан бастап үйретсе, нұр үстіне нұр болар еді», - деді эколог маман Пакизат Сайлаубекова.