Алматыда COVID-19 жұқтырған 1 443 науқас ем қабылдап жатыр

Алматыда COVID-19 жұқтырған 1 443 науқас ем қабылдап жатыр
Сурет: Russian.rt.com

Оның ішінде 106 бала бар.

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 443 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1549 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 176, келіп түскені – 107.

«Инфекциялық стационарларда 1 443 адам бар (төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 106 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 96 адам жатыр. Ал 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 31 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 832 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 187 науқас, симптомсыз 645 науқас бар.