Алматыда бес көлік соқтығысып қалды

Алматыда бес көлік соқтығысып қалды
Сурет: Sputnik.kz

Апат салдарынан зардап шеккендер бар.

Тайғақ жолда бірін-бірі басып озбақ болған жүргізушілер салдарынан бес көлік соқтығысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Саин көшесінде бір бағытта келе жатқан Mercedes пен Ford Focus соғылып, келесі көлікке соқтығысады. Салдарынан «Лада Приора» мен Toyota Camry көліктері де жол апатына ұшыраған.

Жаппай жол апатынан бір адам зардап шекті. Соғылған көліктердің бірі сол бағытта келе жатқан Kia Optima көлігін де апатқа ұшыратады. Жаппай қақтығыста Ford Focus жолаушысы көп жарақат алып, ауруханаға түсті. Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.