Алматыда балалар колониясында футбол алаңы ашылды

Алматыда балалар колониясында футбол алаңы ашылды
Сурет: Polisia.kz

«Алматы марафоны» жобасының басты мақсаты – балалар спортын дамыту.

«Алматы марафон» жобасының өкілдері Алматы қаласындағы балалар колониясындағы жасөспірімдерге футбол алаңын жабдықтап берді, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз әртүрлі балалар мекемелерінде спорт алаңдары, өрмелеу қабырғалары, акваториялар, сенсорлық бөлмелер және тағы басқа спорт нысандарын салдық. Ал балалар колониясында заманауи футбол алаңын жабдықтаудағы мақсатымыз – сотталған жасөспірімдердің футболмен айналысуларына мүмкіндігінше жағдай жасау», – дейді «Алматы марафоны» жобасының аясындағы «Бірінші болу батылдығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Алаңның тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Д. Қанатбеков, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Р.Байсейітов, сондай-ақ Қазақстан футболының ардагерлері қатысты.