Алматыда азық-түлік қоймасынан өрт шықты

Алматыда азық-түлік қоймасынан өрт шықты
Сурет: Inform.kz

Алматыда түнгі уақытта азық-түлік қоймасы өртенді.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 21:42-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Мұқанов көшесі, 133 мекенжайында ғимараттың түтіндеуі туралы шақыртуға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сағат 21:45-те (3 минутта) алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте азық-түлігі бар қойманың түтіндеп жатқаны анықталды. Өрт сағат 23:05-те оқшауландырылып, 23:24-те толығымен жойылды. Жалын шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрады. Өрттің жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ. Қазір оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.