Алматы облысында жеңіл көлік жартастан құлап кетті

Алматы облысында жеңіл көлік жартастан құлап кетті
Сурет: Ашық дереккөзі

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Әлеуметтік желіде биіктегі жолдың күрт бұрылысында Mazda жеңіл көлігінің тік жартастан ұшып кеткен видеосы пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облыстық полиция департаменті 2022 жылдың 2 тамызында сағат 13:30 шамасында "Түп-Кеген-Көкпек" тас жолының 12 шақырымында жол апаты орын алғанын хабарлады.

52 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі аталған тас жолмен келе жатып, рөлге ие алмай, жол шетінен жарға қарай ұшып кеткен.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.