Қаламызда жаңажылдық жәрмеңке өтеді

Қаламызда жаңажылдық жәрмеңке өтеді
Сурет: Frenchparis.ru

Оған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Грузия елдерінен келген қолөнер шеберлері қатысады.

24-26 желтоқсанда Мемлекеттік орталық музейі  «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, жаңа жылдық жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Іс-шараның мақсаты - әр халықтың өзіндік ерекшелігін, халықтардың материалдық және материалдық емес мәдени мұрасының маңызды бөлігін айқындайтын құндылық ретінде халықтық көркем қолөнерді сақтау және дамыту, сондай-ақ елдер арасындағы достық қатынастарды нығайту.

Дәстүр бойынша, жәрмеңке күндері қонақтар үшін музейдің барлық экспозициялық залдары, сондай-ақ музей қорынан уақытша көрмелер ашылады. Олардың қатарында «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылындағы Орталық мемлекеттік музейінің жетістіктері» (ҚР Мемлекеттік орталық музей қорынан); ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай этнограф-ғалым Тәттігүл Қартайдың «Этнографиялық экспедиция күнделігінен» атты фотокөрмесі және «Киімнің киелісі - кимешек» атты көрмесінде ХІХ-ХХ ғғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген қазақ әйелдерінің бас киімдері мен оларға зергерлік әшекейлер ҚР орталық мемлекеттік музейінің қорынан алынды.

Жәрмеңке-көрменің жұмыс уақыты: 24 – 26 желтоқсан, сағат 9.00-ден 18-ге дейін жалғасады.