Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Сурет: Polisia.kz

Алматы тұрғындарының назарына!

Қалада алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Назар аударыңыздар! Жол бойында қолында мекенжайы жазылған қағаз ұстап, жылап тұрған баланы көрсеңіздер, алданбаңыздар! Қағаздағы мекенжай бойынша баланы ол жерге апармаңыздар! Баланы полиция бөлімшесіне апарыңыздар, себебі бұл қылмыскерлердің алдау әдісі. Жақындарыңыз бен туыс-туғандарыңызға ескертіңіз»! - делінген Алматы қаласының Әуезов ауданы учаскелік инспекторының таратқан жадынамасында.