Алматыда 7 адам жаппай жол апатынан зардап шекті

Алматыда 7 адам жаппай жол апатынан зардап шекті
Сурет: интернеттен

Апаттың барлық мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтайтын болады.

"Апаттың барлық мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтайтын болады. Адем" сауда үйіне қарама-қарсы бетте, Солтүстік айналма жолында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жол-көлік оқиғасына қатыстылардың айтуынша, жол апатына түрткі Toyota Camry көлігі Солтүстік айналма жолмен солтүстік бағыттан келе жатқан. Қозғалыс кезінде ол жолдың әр жолағына өтіп, ары-бері ойқастай берген. Осындай маневрлердің бірінде Toyota Chevrolet Cobalt көлігіне соғылады.

Одан кейін Toyota Chevrolet Nexia-ға қарай ұшып кетеді.

Соққыдан Nexia жол шетіне ұшып, тротуарға шығып кетеді. 

Ал бұл кезде Toyota жолдың қарама-қарсы бөлігіне ұшып, Nissan Primera, Mercedes-Benz көліктеріне соқтығысып, ақырында Toyota Land Cruiser Prado-мен бетпе-бет түйісіп барып тоқтайды.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы орын алған орынды қоршады. Осыған байланысты бұл бағытта көлік кептелісі болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, 7 адам ауруханаға жатқызылды. Toyota Land Cruiser Prado-дағы балаларымен қоса әйел адам зардап шекті. Балалардың бірінің қолы сынғаны айтылады.