Алматыда №32 бағыттағы автобустар саны 25 бірлікке дейін көбейді

Алматыда №32 бағыттағы автобустар саны 25 бірлікке дейін көбейді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда №32 бағыттағы автобустар саны 25 бірлікке дейін көбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 28 желтоқсаннан бастап №32 маршруттағы жылжымалы бірліктер саны 15-тен 25 автобусқа дейін көбейеді. Осылайша, жоспарланған қозғалыс аралығы 25 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бағытты биыл желтоқсан айының соңына дейін күшейту туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев айтқан. Жалпы, 2023 жылы 600 жаңа автобус сатып алынды, олар дайын болған бетте жолаушылар көп жүретін маршруттарға шығады.